Category Archives: Тексеру

2015 жылға дейін шағын және орта бизнес субьектілеріне тексеру жүргізуге мораторий жарияланды

кәсіпкерлікті тексеруҚазақстан Президенті бүгін кәсіпкерлік қызметтің дамуына қажетті жағдайларды жақсарту жөніндегі түбегейлі шаралар туралы Жарлыққа қол қойғанын мәлімдеді.

– Жарлыққа сәйкес, мен 2 сәуірден бастап, 2015 жылдың 1 қаңтарына дейін шағын және орта бизнес субьектілеріне тексеру жүргізуге мораторий жариялаймын. Мен қазақстандықтардың бизнес жүргізуі үшін қажетті жағдайды одан әрі жақсарта түсу мақсатында Үкіметке бірқатар нақты шаралар қабылдауды тапсырдым, – деді Мемлекет басшысы. Continue reading

Қандай заңмен жеке кәсіпкерлік субъектілеріне тексеріс жүргізу тәртібі анықталды?

Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiн тексерудi ұйымдастыру мен жүргiзудiң жалпы тәртiбi «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазахстан Республикасының Заңымен анықталған.

Сізге тексеру келді. Не істеу керек?

Күндердің күнінде кез келген мекеменің өмірінде тексерушілер есік қағатын күн туады. Тексеру деген, әрине, жақсы емес, алайда одан қашып құтыла алмайсың. Ең маңыздысы, тексерушіні дұрыс күтіп алу мен тексеру шараларын  ұйымдастыру.

Біріншіден, әрбір кәсіпкер мынаны білуі тиіс: кіші кәсіпкерлікті тек бақылау-тексерушілік қызметтерге ие мемлекеттік органдар ғана тексере алады. Тіркеуден өткен 41 тексеруші құрылымның ішінде ең жиі тексеру жүргізушілер – санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органдары, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, өртке қарсы қызмет және Ішкі істер министрлігі.  Continue reading