Category Archives: КӘСІПКЕР

Бизнес туралы 15 қызық дерек

зәйтүн1. Сейсенбі – жұмыс аптасының ең өнімді күні.

2. Күніне 65 адам миллионер болуда.

3. 20 пайызға жуық миллионерлер ешқашан университетте оқымаған.

4. Әлемде күнде жаңа 33 тауар пайда болады, олардың 13 – ойыншықтар.

5. Статистика бойынша 90 пайыз ресторандар ашылғаннан кейін бірінші жылда жабылады. Continue reading

Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі

kasipkerlik kodeks2015 жылғы 29 қазанда Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексіне қол қойылды.

Қабылданған Кодекс Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік еркіндігін қамтамасыз ететін құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайлар мен кепілдіктерді айқындайды, кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс-қимылына, оның ішінде кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеуге және қолдауға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.

Негізгі мақсат – бизнесті жүргізуге барынша оңтайлы жағдай жасау, инвестициялар ағынын ынталандыру, кәсіпкерлікті қолдау.

Кәсіпкерлік кодекс сегіз бөлім, 34 тарау және 465 баптан тұрады. Онда кәсіпкерліктің әлеуметтік жауапкершілігі және мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысуының жаңа тәртібі белгіленген.

Кодекс 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және келесі 6 заңның күші жойылады. Олар:

1) «Шаруа немесе фермер қожалығы туралы» Заң;
2) «Инвестициялар туралы» Заң;
3) «Жеке кәсiпкерлiк туралы» Заң;
4) «Бәсекелестік туралы» Заң;
5) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Заң;
6) «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Заң.

2015 жылғы 29 қазанда қабылданған Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің толық нұсқасын мына жерден жүктеп аласыз.

Download (DOCX, 294KB)

Дара кәсіпкерді қалай тіркеуге болады?

Жеке тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу салық органында дара кәсiпкер ретiнде есепке қою арқылы жүзеге асырылады.

Дара кәсiпкерлер келесі шарттардың біріне сай келетін болса, онда мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатады. Бұл шарттар:

1) тұрақты негiзде жалдамалы жұмыскерлердiң еңбегiн пайдалану;

2) 2015 жылға жеке кәсiпкерлiктен есептелген жылдық жиынтық табысы 256 368 теңгеден асу (ең төменгi жалақының 12 еселенген мөлшерi х 21364 теңге).

Бұл дара кәсіпкерлердің мемлекеттік тіркеусіз қызмет жасауына тыйым салынады.

Дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік мерзімсіз болып табылады және тіркеуші органның лауазымды адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында ұсынылады.

Дара кәсiпкердi мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң нысанын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.

Ип каз 1

Дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу үшін жеке тұлға тіркеуші органға:

1) дара кәсіпкерді тіркеу есебі туралы салықтық өтініш;

2) дара кәсiпкерлердi мемлекеттiк тiркегені үшiн 3704 теңге мөлшерде алым сомасының бюджетке төленгенiн растайтын құжат;

3) дара кәсіпкердің орналасқан жерін растайтын құжат ұсынады. Continue reading

Миллиардер Джон Рокфеллердің өмірден тоқыған ең маңызды 20 сабағы

Джон Рокфеллер бай

1. Мен 100 пайыз өзімнің күш-жігерімнен гөрі 100 адамның 1 пайыз күш-жігерінен пайда тапқанды қалар едім.

2. Күндіз-түні жұмыс істеген адамның ақша табуға уақыты жоқ.

3. Бедел жинаңыз, ертең ол Сізге жұмыс жасайтын болады.

4. Қайсарлықтың арқасында дұрыс болсын, бұрыс болсын, жақсы болсын, жаман болсын – барлығы орындалады.

5. Бизнеске негізделген достық достыққа негізделген бизнестен артық.

6. Адамдармен қарым-қатынас жасай білу – ол қант немесе кофе сияқты сатып алуға болатын тауар. Сондықтан мен сондай қабілетке дүниедегі басқа нәрселерден артық төлеймін.

7. Әзіл айту мен қарыз алу кенет болу керек.

8. Егер бай болу Сіздің жалғыз мақсатыңыз болса, онда ол ешқашан орындалмайды.

9. Маған ойланатын адамдар емес, жұмыс істейтін адамдар керек.

10. Ақша табу жолы – көшеде қан төгіліп жатса да сатып алу.

11. Құдай менің ширақ қимылдап, барлық күш-жігерімді салатынымды білгендіктен табысты болуымды және кез-келген жерде пайда табатынымды сездім.

12. Жақсы басқара білу – ол орта қабілетті адамдарға ерекше адамдардың жұмысын қалай істеуге болатынын көрсету.

13. Мен әрқашан кез-келген сәтсіздікті мүмкіндікке айналдыруға тырыстым.

14. Бәрін білетін адамнан ынтасы бар адамды жұмысқа қабылдар едім.

15. Жетістіктің кез-келген түріне қайсарлықтан басқа маңызды қасиет бар деп ойламаймын.

16. Ақша үшін ақша табуға барлық уақытын арнаған адамнан сұмырай және бейшара жанды білмеймін.

17. Мен бұл өмірде маңдайыма не жазғанын ешқашан білген емеспін, бірақ бір ҰЛЫ іске жаратылғанымды әрқашан білдім.

18. Үлкен шығындардан қорықпау керек. Аз пайдадан қорқу керек.

19. Менің қандай нәрседен рахаттанатынымды білесіз бе? Жұмсаған күш-жігерімнің пайда алып келгенін көру.

20. Сіздің әл-ауқатыңыз Сіздің шешімдеріңізге байланысты.

Дереккөз

2015 жылға дейін шағын және орта бизнес субьектілеріне тексеру жүргізуге мораторий жарияланды

кәсіпкерлікті тексеруҚазақстан Президенті бүгін кәсіпкерлік қызметтің дамуына қажетті жағдайларды жақсарту жөніндегі түбегейлі шаралар туралы Жарлыққа қол қойғанын мәлімдеді.

– Жарлыққа сәйкес, мен 2 сәуірден бастап, 2015 жылдың 1 қаңтарына дейін шағын және орта бизнес субьектілеріне тексеру жүргізуге мораторий жариялаймын. Мен қазақстандықтардың бизнес жүргізуі үшін қажетті жағдайды одан әрі жақсарта түсу мақсатында Үкіметке бірқатар нақты шаралар қабылдауды тапсырдым, – деді Мемлекет басшысы. Continue reading

Әлемдегі атақты инвестор Уоррен Баффеттің 10 қағидасы

бай адам Уоррен БаффетУоррен Эдвард Баффетт (Warren Edward Buffett) – америкалық кәсіпкер, әлемдегі ірі және атақты инвестор. «Көріпкел» деген лақап атпен танымал. 2013 жылғы желтоқсанға оның байлығы 59,1 млрд долларды құрады.  Уоррен Баффетт 2013 жылы 12,7 млрд. доллар тауып, көп табысқа қол жеткізген миллиардерлердің көшін бастады.

Ендеше Уоррен Баффеттің ұстанымдарымен танысайық:

1. Егер өткен уақыттың азғантай болса да  маңызы болса онда әлемдегі ең бай адамдар кітапханашылар болар еді.

2. Өзің түсінбейтін бизнеске ешқашан қаржыңды салма.

3. Кейбір адамдар қалың көпшілік акцияларға қызығушылық танытқанда көңіл бөле бастайды. Шын мәнінде, ешкім қызықпай тұрғанда көңіл бөлу қажет. Онсыз да танымал нәрсені сатып алып, табысқа кенелуге болмайды.

4. Бизнесте артқы көрініс айнасы алдыңғы айнадан әрқашан таза.

5. Ақшаны кез-келген ақымақ басқара алатын іске салу керек, өйткені күндердің күнінде оған бір ақымақ басшылық етеді.

6. Мен секіріп өтетін 7-футтық көлденең ағаш іздемеймін, мен аттап өтетін 1-футтық көлденең ағаштар іздеймін.

7. Сіз қанша жерден дарынды болып, қаншама күш-жігер жұмсасаңыз да кейбір нәтижелерге қол жеткізу үшін тек уақыт керек: Сіз тоғыз әйелді жүкті қылсаңыз да, бір айда бала таппайсыз ғой.

8. Акцияларды сатып алудың әлемдегі ең ақымақ және мағынасыз дәлелі – олардың бағасының өсуі.

9. Нашар басшылықтың нашар нәтижелерге реакциясы көп жағдайда нашар бухгалтерия болып жатады.

10. Өзіңнің терең орда жатқаныңды түсінсең, ең алдымен қазуды доғар.

Әлемдегі атақты Бас атқарушы директорлалардың өмірлік ұстанымдары туралы «СЕО (Бас атқарушы директорлар) әлеміндегі мықтылардың қағидалары» атты кітаптан оқи аласыздар. 

Джон Рокфеллердің ұстанымдары

Джон РокфеллерАдамзат тарихында ең бай адам Джон Рокфеллер болып саналады. Оның байлығын бүгінгі бағамен есептесек ол 200 млрд. долларды құрар еді. Қомақты сома. Бұл дегеніңіз бүкіл Қазақстанның 2012 жылғы жалпы ішкі өніміме пара-пар. Рокфеллер еңбек қызметін қарапайым есепшіден бастап, 1916 жылғы 29 қыркүйекте алғашқы долларлық миллиардер атанды.

Бизнеспен айналысу барысында Джон Рокфеллер өзінің белгілі бір ұстанымдарына берік болды. Бұл қағидаттар байлығын сақтап қана қоймай, оны көбейтуге септігін тигізді. Continue reading

Ой-доданы қалай дұрыс өткізу керек?

images (1)Бұрынғы жұмысымда жиі-жиі ой-дода («мозговой штурм») өткізіп тұратынбыз. Қарап отырсам, оны ұйымдастыру барысында бірқатар қателіктерге жол берген екенбіз.

Қазіргі таңда интернетте ой-доданы өткізу жөнінде көптеген материалдар бар. Бірақ қазақ тілінде тапшы.

Жақында Игорь Манн мен Дмитрий Турусиннің «Байланыс нүктелері» атты кітабын оқып отырып, ой-доданы дұрыс ұйымдастыру жөнінде ақыл-кеңес таптым. Онымен сіздермен бөлісу үшін шама-шарқымша ықшамдап қазақ тіліне аудардым.

Ой-дода, әсіресе, кәсіпкерлер үшін өте маңызды. Бұл әдісті пайдалану бәсекелестікке төтеп беріп қана қоймай, ұжымды топтастыруға да оң ықпалын тигізеді. Continue reading

Базовые ставки на 2014 год

С 1 января 2014 года установлены следующие базовые ставки:
1) минимальный размер заработной платы – 19 966 тенге;
2) размер государственной базовой пенсионной выплаты – 9 983 тенге;
3) минимальный размер пенсии – 20 782 тенге;
4) месячный расчетный показатель (МРП) для исчисления пособий и иных социальных выплат, а также для применения штрафных санкций, налогов и других платежей в соответствии с законодательством Республики Казахстан – 1 852 тенге;
5) величина прожиточного минимума для исчисления размеров базовых социальных выплат – 19 966 тенге. Continue reading

2014 жылға базалық мөлшерлер

мрп2014 жылғы 1 қаңтардан келесі базалық мөлшерлер бекітілді:

1) жалақының ең төменгi мөлшерi – 19 966 теңге;
2) мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiнiң мөлшерi – 9 983 теңге;
3) зейнетақының ең төменгi мөлшерi – 20 782 теңге;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу үшiн, сондай-ақ айыппұл санкцияларын, салықтар мен басқа да төлемдердi қолдану үшiн айлық есептiк көрсеткiш (АЕК) – 1 852 теңге;
5) базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн есептеу үшiн ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң шамасы 19 966 теңге болып белгiленсiн. Continue reading