Category Archives: КӘСІП

Қалалық қызмет көрсету

қызмет көрсетуҚалалық қызмет көрсету дегеніміз – тапсырыс берушілер мен тұрмыстың қызмет ұсынатын мамандар арасында делдалдық қызмет атқаратын бір адам не компания.

Қалалық қызмет көрсетудің негізі – «барлық шеберлер мен қызметтер – бір телефонда» деген қағида. Адамға қандай да бір тұрмыстық қызмет түрі  (жүк тасу, кішігірім жөндеу жасау, сантехниканы, электр шамын ауыстыру, т.б) керек болса, онда ол бір ғана қалалық қызмет көрсету орталығының телефон нөміріне хабарласып, қысқа уақыт ішінде үйіне керекті маманды шақырта алады. Қалалық қызмет көрсету орталығы екі жолмен табыс таба алады:  шеберлерден белгілі бір үлес алады немесе телефон қоңырауын ақылы етеді. Continue reading

Квас өндірісі

квас өндірісіКвас – алкогольсіз сусындардың бірі. Мыңдаған жылдар бұрын ойлап шығарылған сусын бүгінде де үлкен сұранысқа ие. Қара бидай мен арпа уытынан өндірілетін квас дәмді әрі ағзадағы процестерді ретке келтіруші сусын болып табылады. Ағзаға әсер етуі жағынан оның айран мен қымыздан айырмашылығы жоқ. Квас ұйыған сүт өнімдері сияқты ас қорыту жүйесін реттеп, зиян және ауру туғызатын микробтардың пайда болмауын қадағалайды, адамның көңіл-күйіне жағымды әсер етеді, зат алмасуды, жүрек-қантамырлары жүйесінің жұмысын жақсартады.  Continue reading

Шаштараз

шаштаразШаштараз барлық уақытта болған және бола бермек, себебі шаш адам сұлулығын анықтайтын сыртқы бейненің негізгі элементі болып табылады. Ерлер, әдетте, екі аптада бір рет шаштарын қысқартады, сондықтан да шаштараз бизнесін табысты ету қиын мәселе емес. Маңыздысы барлығын дұрыс ұйымдастыру және «айналдыру». Continue reading

Азық-түлік дүкені

азық-түлік дүкеніҮйдің жанындағы азық-түлік дүкені – үлкен супер және гипермаркеттер көп болса да кез-келген жанның арманы. Азық-түлік саудасына ақша салу кәсіпкерлерге қашан да табыс әкелген, әкеле береді де.

Азық-түлік дүкенін ашудан бұрын қарастырылуы тиіс бірнеше сұрақтарға тоқталып өтейік. Continue reading

Шыныда жазу: қолмен жасалған туынды

шыныда жазуТүрлі-түсті шыныдан витраж жасау өз бастауын ерте кезден алады. Витраж жасап шығару – үлкен еңбекті талап ететін процесс. Бірнеше сағат ішінде шыныны бояу арқылы сіз көпшілікті қызықтыратын, эксклюзивті өнер туындыларын жарыққа шығара аласыз. Декоративті-қолданбалы өнер түрі ретінде шыныда жазу жұртшылықты өзінің қолжетімділігімен тартады: керекті материалдарды еш қиындықсыз таба аласыз және де олар қолжетімді бағамен сатылады. Трафареттерді қолдану керемет суретші болмасаңыз да бұл шығармашылықпен айналысуға мүмкіндік береді. Ең бастысы бұл – бизнес үшін өте жақсы идея. Continue reading

Спорттық жабдықтарды жалға беру

спорт жалға беруӘр қалада табиғатта демалуды ұнататын адамдар тобы табылып қалар. Табиғат аясындағы демалысқа тек пикниктерді ғана емес, сонымен қатар туристік саяхаттар, альпинизм, балық аулауды да жатқызамыз. Осыған сай бизнесмендерге мезгілдік спорттық жабдықтарды сату мен жалға берудің мүмкіндігі туды. Continue reading

Декоративті фонтандар өндірісі

декортаивті фонтанФонтан десе көбіміз саябақтар мен гүлзарларды елестетеміз. Алайда фонтандар саябақтарды әсемдеу үшін ғана емес, саяжай, үй, кеңсені безендіру үшін де қолданылады. Соңғы кездері кішігірім фонтандарға деген сұраныс өсе түсті. Декоративті фонтандарды өндіру көп шығындалуды қажет етпейді. Үй жағдайында бұл іспен айналысу көп табыс әкелетін бизнес түрі болып табылады.  Аз шығындалып-ақ, жақсы табыс табуға болады. Continue reading

Ескерткіштерге фотоовалдар жасау

фотоовалБіздің көпшілігіміз бизнес ашу үшін әртүрлі идеялар туралы жиі ойланамыз. Бірақ көпшілігі өз ісін ашу үшін үлкен қаражат керек деп ойлайды. Алайда, кемеңгерліктің барлығы қарапайым болатыны анық қой.

Бизнес ‑ бірегей және айтарлықтай қарапайым технология бойынша жүзеге асатын «ескерткішке фото» жасау болып отыр. Continue reading

Пластикалық карта жасау

TANBAКүн өткен сайын біз күнделікті өмірімізде пластикалық карталарды жиі пайдаланамыз. Олардың қатарына кредиттік карталар, дүкендердің, клубтардың, қонақ үйлердің, мейрамханалардың дисконтты карталарын, тіпті куәлік пен құжаттарды жатқызуға болады. Пластикалық карталарды мұншалықты кеңінен қолдану оларды жасауды бизнестің тиімді әрі перспективті түріне айналдырды. Continue reading

Науқас, қарт адамдарға көмектесу және оларға қарау

науқас көмекБүгінгі күні адамдар арасында жұмыс істеп жүріп,  үнемі күтім мен қамқорлықты қажет ететін жақын адамдарына қарап қиналып жүргендер өте көп. Науқастар мен қарт адамдарға қарау олардың тыныштығын сақтау мен жақсы күтім көрсетуден тұрады. Отбасы қарт әрі науқас адамға өздері қарайды немесе үйге келіп тұратын адамдардың көмегін пайдаланады; әдетте мұндай күтім үйде жасалады. Науқас және қарт адамдарға көмек көрсету бойынша қызметтер қазіргі кезде жеткілікті түрде дамымаған. Сондықтан да мұндай істі ұйымдастыру өте жақсы бизнес болып табылады. Continue reading