Category Archives: ДЕНСАУЛЫҚ

Әжетхана мәселесі шешілмеген ел ешқашан дамымайды

әжетханаБүгін 19 қараша – Дүниежізілік әжетхана күні екен деп күлеміз.
Шынтуайтында, әлі де болса біраз елдер туалет тауқыметін көруде. Әрбір үндістің үйін әжетханамен қамтамасыз етуді сайлауалды бағдарламасына енгізген Нарендра Моди сайлауда жеңіп, Индияның премьер-министрі болып тағайындалды. “Индияны тазарту” науқаны аясында 100 млн туалет салу жоспарланып отыр. Қазіргі таңда 1,28 млрд үндістің жартысына жуығы далаға дәрет сындырады. Бұл өз кезегінде экологиялық жағдайды ушықтырып, көптеген аурулардың тарауына септігін тигізіп отыр.
Туалеті жоқ адамда намыс қайдан болсын. Туалет жоқ болса, рухы тапталады, ұяты қашады. Намысы, рухы жоқ халық қайдан дамиды?
Сондықтан, бүл күнге түсіністікпен қарайық.

Мүгедек баланы сауықтыру орталығына қалай орналастыруға болады?

бала мүгедекКез-келген бала, соның ішінде мүгедек бала да қоғам мен адамның көмегіне, қамқорлық пен махаббатқа құқығы бар. Ортадан жырақ қалған балаларда ондай қажеттілік одан да жоғары және де олардың кейбіреуі медициналық қызметкер мен педагогтың назарын үнемі қажет етеді. Медициналық сауықтыру ауру, жарақат, жарымжан болудың салдарын шешуге немесе жеңілдетуге бағытталған диагностикалық, емдік және сауықтыру іс-шараларының жиынтығын қарастырады. Continue reading

Республикалық медициналық орталықтарда ем алу жолдары қандай?

саламатты ҚазақстанТиімді емделу біршама қаражат пен үлкен шыдамдылықты талап етеді. Бұл – бәрімізге таныс дүние. Өкінішке қарай, адамдардың бәрінің қаржылық мүмкіндігі бірдей емес. Осындайда, біздің көпшілігіміз үшін ірі мемлекеттік мекемелерден тегін ем алу жолы қандай немесе емделу үшін қомақты қаржыны қайдан алуға болады деген сұрақ төңірегінде толғанамыз. Бұл мәселе бойынша сізге Республикалық медициналық орталықтарда жоғары мамандандырылған медициналық көмек (ЖММК) көрсету бойынша мемлекет дер кезінде көмекке келеді.  Continue reading

Жүрек-қан тамырлары ауруларының қалай алдын алуға болады?

жүрекЖүрек-қан тамырлары аурулары – тіпті экономикалық даму жоғары елдердің өзінде азаматтардың мүгедектікке ұшырау және өмірден ерте озуына басты себеп болатын аурулардың бірі.

Жүрек-қан тамырлары жүйесі ауруларының алдын алу осы аурулардың көпшілігіне ортақ шаралар кешенінен тұрады, бірақ кейбір аурулар, әрине жекелеген іс-шараларды қажет етеді. Бірнеше қауіптің негізгі факторларына және жалпы нұсқаулықтарға тоқталсақ. Continue reading

Бедеулік – үкім емес

бедеулікҚазіргі таңда бедеулік проблемасы әлемдегі ең өзекті мәселе болып отыр. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) мәліметтері бойынша, әрбір бесінші отбасында бала туу бойынша қиындықтар туындайды. Әрине, бұл тек жүктілікті армандап, яғни  проблеманың бар екенін түсініп, көмек сұрағандар ғана… Continue reading

Тегін медициналық көмекті қалай алуға болады?

Емханаға және ауруханаға келген көптеген адамдар ҚР Үкіметі бекіткен тегін медициналық көмектің кепілді көлемі туралы қаулыны біле бермейді. Мұндай көмек түрлерінің және тегін берілетін немесе жеңілдікпен сатылатын дәрі-дәрмек  түрлерінің тізімі емдеу мекемелерінде ілініп тұрады.  Continue reading

Медициналық тексеруден өту не үшін қажет және одан қалай өтуге болады?

Адам барлық қиындықтардан сақтана алмайды, сондықтан да медициналық бақылау мен қызмет көрсету басымдықтардың ішінде алдыңғы орындарға ие.  Көбінесе дер кезінде қойылған диагноз бен уақытында емделу өміріңді қорғап қалуы мүмкін, сондықтан да профилактикалық медициналық тексеруден өтуді жыл сайын ережеге айналдыру қажет. Медициналық тексеруден өту үшін Сізге тұрғылықты мекен жайыңыз бойынша немесе өз таңдауыңыз бойынша тіркелген емханаға баруыңыз қажет. Continue reading

Денім сау болсын десең немесе өмір жасын қалай ұзартуға болады?

Ұзақ өмір сүрудің көптеген жолдары, әркім өз бетінше түсіндіретін әдіс-тәсілдері бар, көп жағдайда ол – дұрыс тамақтану, қозғалыс, әрбір күнді дұрыс режимде өткізу және ерекше назар аударуды қажет ететін басқа да жағдайлармен толығып жатады. Әрине, қандай жағдайда да бұлардың бәрін тұрақты түрде қолдану ғана тамаша нәтиже беретінін ұмытпаңыз. Continue reading

Балаларды шылым шегуден қалай қорғауға болады?

Көп жағдайда балалар шылым шегуді 18 жасқа толмай тұрып бастайды. Олар неге бұлай істейді? Мүмкін, зерігуден, алаңдаушылықтан, қатарластары тарапынан қысым көргеннен, мазасыздықтан немесе біреуге еліктегендіктен шығар. Сіз, бәлкім, жасөспірімдер арасында  қазіргі ұялы телефон әлемінде, әлеуметтік желілерде және микроблогтарда шылым шегу туралы әртүрлі деректер, ойдан шығарылған мәліметтер қалай таралатынын білсеңіз, таң қалатын шығарсыз. Кейбір жас қыздар шылым шегу арықтауға немесе артық салмақ қоспауға көмектеседі деп шеге бастайды. Олар шылым шегудің ағзаға кері әсерін біле тұрса да, темекі шегуге дайын. Ал ер балалар ересектерге еліктеп шеге бастайды, мысалы, әкесіне, ағасына, жоғарғы сынып оқушыларына деген сияқты. Continue reading

Начни двигаться в сторону здорового питания

В данной заметке я не буду говорить о диете, лечебном голодании и других ужасах из женских журналов и книг типа «Минус 100 килограмм за 21 день для чайников» =) Так же я не буду давать советов, как похудетьсбросить веснабрать вес, нарастить мышцы, накачать прессубрать живот и т.д. Всего этого в достатке на страницах глянцевых журналов и в Internet. Я хочу рассказать, как просто и без всяких ужасных ограничений повысить полезность того, что ты ешь. Всё проверенно на людях, в том числе на моём личном опыте. Continue reading