Балық аулау

1. Жалпы ақпарат. Балық аулау дегеніміз – өзен және теңіз балықтарын алу. Балық аулау ісіндегі басты объект – балық. Осы іске қосалқы объект ретінде суда жүзетін кішкентай және үлкен тіршілік иелерін жатқызамыз. Бұл бизнес түрі ірі қалалар мен кішігірім ауылдарда кеңінен тараған. Егер сіздің үлкен жер учаскеңіз болса, онда сирек кездесетін бағалы балықтарды өсіруге арналған бассейн жасауға болады.

Қазақстан балық шаруашылығының су қорына бай, сонымен қатар елімізде балық аулау мен балық ісі үшін қолайлы орта қалыптасқан.

Неден бастау кереке? Өз ісіңізді бастау үшін, ең алдымен, қандай балық түрін өсірумен айналысатындығыңызды шешуіңіз керек. Таңдауға лайық балық түрлері – тұқы (карп), бақтақ (форель), ақсерке (семга). Балықтың бұл түрлері жақсы өседі, сонымен қатар оларға деген сұраныс та үнемі жоғары. Балық шаруашылығын жүргізудің технологиясы таңдалған балықтардың түріне байланысты. Бұл бағалы балық түрлерінің өзіне тән ерекшеліктері, күн тәртібі мен күтімі бар.

Бұл бизнесті бастау үшін темірден жасалған жұқа ыдыстар керек. Бұлай істеген арзанырақ болады. Арнайы дайын бассейндерді оларды жасайтын және сататын фирмалардан алуға болады. Белгілі бір органдардың рұқсатымен сулы алқаптың керекті аумағын қоршап алуыңызға да болады. Бұл балық өсіру мен суды ауыстырудағы шығыстарды қысқартады.

Су сүзгілеу үшін гравитациялық сүзгіш қажет. Ондай сүзгіштер үй аквариумдарында қолданылады. Өз бизнесіңізді ашу үшін ең алдымен осындай мәселелерді бүге-шігесіне дейін зерттеп алу маңызды.

Тірі балықты дүкендерден немесе базарлардан сатып алып, оны тек әрі қарай өсіріп баптаумен айналыссаңыз болады . Қолайлы жағдайда балық жаз ішінде1 кг салмақ қосады, сонымен қатар ұрпақ әкеледі. Қосымша табыс үшін мальканы өсіріп, басқа балық өсірушілерге сатуға болады. Егер сіздің жер учаскеңіз болмаса, онда тоғанды жалға алуға болады. Алайда тоғанды тазалау және қорғау шараларына шығындалу керек. Ал ол өз кезегінде тауар бағасының өсуіне әкеп соқтырады.

2. Ақсерке (семга) мысалында балықтарды сипаттау. Ақсерке (семга) – арқан балық тұқымдастарына (семейства лососевых) жататын ірі, күміс түсті балық. Ол – өте дәмді балықтардың бірі. Оның, өсуі мен жетілуі жақсы деңгейде жүруі үшін су температурасы 14-20°С, оттегі мөлшері 7-8 мг/л болу керек. Ақсерке (семга) тұщы суларда мекендейді, жарықты онша ұнатпайды, судың терең жерлерінде, көлеңкеде тығылып жүреді. Жарық жерде көп уақыт бойы жүріп қалса, жағдайы нашарлап, уылдырықшалары өліп кетеді. Сондықтан да бұл балықтар бұлтты күндерде, кешкі және таңертеңгі мезгілде белсенді тіршілік етеді. Ең ұзақ өмір сүруі – 13 жыл. Табиғи су қоймаларда оның ұзындығы 1,5 м-ге, ал салмағы 38 кг-ға дейін болуы мүмкін. Тоғандарда табиғи тағаммен күнделікті қоректенсе, салмағы20 кг. не одан да көп бола алады. Ауланатын ақсеркенің (семга) орташа салмағы 5 кг-дан 15 кг-ға дейін, алайда ұзындығы150 см. салмағы30 кг.-лықтары да кездесіп жатады. Ақсеркенің (семга) табиғи қасиеттері оны ең бағалы балық етеді, оның майы көп (11%-дан жоғары, кейде 24%-ға дейін).

Аналық балықтар 1-3 жасында жыныстық жетіліп, суқойманың орналасуына, аймақтың климаттық жағдайына байланысты өзгереді. Аталық балықтар аналықтарына қарағанда бір жылға ерте жетіледі. Ақсеркенің (семга) уылдырығы пісіп-жетілу үшін ол қыс бойы мұз астында өзеннің суық суында болуы керек. Аналық 300-ден 800-ге дейін уылдырықша шашады. Уылдырықтары 1,5-2 айда пісіп жетіледі.

3. Балық жемі. Балықтардың қорек ететін тағамдар құрамына түрлі мөлшерде балық ұны, балық майы, бидай, бидай және жүгері глютені, бұршақ протеині, соя протеині, майсызданған рапстың ұрығы, соя майы секілді компоненттер кіреді. Жем ретінде төмен температуралы (LT) балық ұны ғана қолданылады.

Арқан балық (лососевые рыбы) тұқымдастары азығының құрамында түрлі көлемде астаксантин болады (стандартты мөлшер – 40 және 80 мг/кг). Жемнің құрамында пигментті концентраттар мөлшері 20 мг/кг болса, балықтың әр1 кг. дене салмағына 4 мг пигмент, ал пигментті концентраттар 50 мг/кг болса, онда 5 мг пигмент қосылады. Балық1 кг. салмақ қосу үшін ол 4,3-4,5 кг. азық жеу керек. Яғни 300 тонна тауар балығын алу үшін 1,5 мың тонна азық керек. Балықтар табиғи жолмен салмақ қосатын болса, онда суқойманың бір гектарынан 3-4 центнер балық ала аласыз, ал егер оларды қосымша қоректендіретін болсаңыз, онда дәл осы алаңнан 12-15 центнер балық алуға болатынын ескерген жөн.

4. Сату. Өсірілген балықты супермаркеттерге өткізуге болады. Тірі балықты мейрамханалар мен дәмханалар қуана сатып алады. Тауарыңызды өткізу үшін өз бизнесіңізді заңды түрде тіркеп, әр тауар партиясына малдәрігерлік куәлік алып отыруды ұмытпаңыз. Демалыс орны аймақтарында балық аулау бойынша қызмет көрсетуді жүзеге асыру арқылы пайда табуға болады: адамдар демалып, балық аулайды, ал ұсталған балықтың әр келісі үшін сізге ақы төлейді.

5. Болжамды есептеулер.

5.1. Шығыстар:

– Балық сатып алу (ақсерке (семга) 100 кг = 100 дана х 2 000 теңге = 200 000 теңге.

– Қорек сатып алу – 100 дана балыққа жылына 216 кг х 40 теңге (1 кг құны) = 8 640 теңге.

– Қармақ 1 дана – 7 500 теңгеден жоғары.

Суқойма болмаған жағдайда жасанды тоған жасауға болады. Жобаны құрастыру 48 000 теңге + 1 ш. м тоған құрылысы 10 000 теңге х 50 ш. м = 98 000 теңге.

5.2. Табыс:

Егер 100 балық сатсаңыз =100 кг х 2 000 теңге (1 кг құны) = 200 000 теңге.

Author: Vitaly Zhirov