Балмұздақ сату

balm zdaБалмұздақ – үлкендер де, балалар да жақсы көретін тәттінің бірі. Балмұздақ сату – табысты, шығыны аз істің бірі. Дүңгіршектерде сату – жас бизнесмен үшін таптырмайтын бастама. Балмұздақ сату әкімдік пен СЭС мемлекеттік органдарының санитарлық-эпидемиологиялық шешімі бойынша жүзеге асырылады.

Ғимарат. Жазда балмұздақ сататын арнайы орынның қажеті жоқ, өйткені сату далада да жүзеге асады. Ал қыста дүкен немесе супермаркеттен орынды жалға алуға тура келеді.

Құрал–жабдықтар. Ең қажетті құрал-жабдық – мұздатқыш қобдишалар. Мұздатқыш қобдишалар дегеніміз – мұздатылған өнімдерді көпке дейін сақтайтын және оларды сату үшін көрсетіп тұратын тоңазытқыштың бір түрі.

Оларды жалға алуға болады, бірақ мұның бір қиындығы – келісім-шартқа сәйкес бұл мұздатқыштардан басқа өндірушілердің балмұздағын сатуға тыйым салынады.

Технология. Балмұздақтың 100-ден аса түрлері бар. Бүгінгі күні «эскимо», «вафли қосылған брикет» сынды балмұздақтарға деген сұраныс едәуір төмендеді, оларды тек орта жастағы адамдар ғана алады. Өмір сүру деңгейі жоғары ірі қалалардағы жастар мен балалар өте талғампаз, олар үнемі жаңа нәрсенің дәмін татқысы келіп тұрады.

Балмұздақ өндіруші немесе көтерме саудамен айналысатын балмұздақ жеткізуші компаниямен қайта сату мақсатында балмұздақ алу жөнінде келісім-шартқа тұруға болады. Бір ғана шартты ұстану қажет – сұранысы жоғары тауар түрлерімен тоңазытқышты толтыру. Сату нүктелері қаншалықты көп болса, соншалықты сату да дұрыс жолға қойылады.

Жұмыс күні аяқталғаннан соң, қобдишаны алып кету керек. Таңертең апарып, кешке алып кететін «газельді» жалға алуға болады. Алайда бір тоңазытқышты алып жүру «газельге» тиімсіз, сондықтан кемінде 5 дана болғаны дұрыс. Балмұздақ сату бизнесін клиенттердің үйіне жеткізуді ұйымдастыру арқылы кеңейтуге болады.

Қызметкерлер. Қажетті қызметкерлер – сатушылар. Бес сату нүктесі болса, әрқайсысында екі сатушыдан десек, 10 адамды жұмысқа қабылдау керек.

Сату. Бәрі дайын болғаннан соң, яғни жабдықтар мен сатушылар табылса, онда бизнесті бастауға болады. Бизнестің табысы сату орнына байланысты. Қолайлы сауда нүктелері – кинотеатрлар, сауда-саттық орталықтары, мейрамханалардың жаны. Орын таңдалғаннан соң (сатуға арналған жер учаскесі тек санитарлық-эпидемиологиялық шешім бар болса ғана беріледі) қасында орналасқан дүңгіршекпен электр энергиясы жөнінде келісу қажет.

Болжамды есептеулер.

Шығыстар:

Мұздатқыш қобдишаны жалға алатын болсаңыз, онда аталған өндірушінің өнімін ғана сата аласыз. Тауар түрлерін өздеріңіз таңдайсыз. Минималды тапсырыс – 5 000 теңге. Сауда жақсы жүруі үшін тауардың сан алуан түрі болу керек, егер 5 сауда нүктеңіз болса, онда 50 000-60 000 теңгеге шығындаласыз.

Егер мұздатқыш қобдишаны сатып алатын болсаңыз, оның бағасы 60 000 теңге. Мұндай жағдайда тауардың түрлері де әркелкі болады, өйткені өндірушілер әртүрлі. Өнімнің шығыны – 50 000-60 000 теңге.

Барлығы: 50 000-60 000 теңге (мұздатқыш қобдишасыз), 110 000 теңге (мұздатқыш қобдиша + тапсырыс).

Табыс:

Бизнесіңіздің табысы орынға, тауар түрлері мен сатушыға байланысты. Табыс 35 %-ды құрайды.

Тәжірибе көрсеткендей, жазда бір сауда нүктесі 20 000-25 000 теңге табады, яғни айына = 4 апта * 20 000 теңге = 80 000 теңге. Қыста табыс аздау болады, бір сауда нүктесінен түскен апталық табыс 5000-10 000 теңге, яғни 4 апта * 5 000 теңге = 20 000 теңге.

Сондықтан балмұздақ сатуда жақсы пайда табу үшін 40 шақты сауда нүктеңіздің болғаны абзал.

Author: Vitaly Zhirov