18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы алуға кімнің құқығы бар?

Осы жәрдемақы орта есеппен жан басына шаққандағы табысы азық-түлік себетінің құнынан төмен 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға төленеді.

Жәрдемақы отбасының асырауындағы он сегiз жасқа дейiнгi әр балаға 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тағайындалады.

2012 жылға арналған  айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 1618 теңге

Балаларға арналған жәрдемақыны алуға Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары және  оралмандардың құқығы бар.

Балаларға арналған жәрдемақыны ресімдеу үшін сәйкес құжаттар пакетімен тұрғылықты жеріңіз бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына (бөліміне) бару қажет. Егер Сіз тұратын ауылдық жерде аталған басқарма (бөлім) болмаса, атаулы әлеуметтік көмекті ресімдеу үшін құжаттарды кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкіміне ұсыну қажет.

Сізге тегін берілетін өтініш бланкісінде жеке идентификациялық код нөмірі (ЖИК), дербес шот нөмірі және банк атауын толтыру міндетті екенін ескере отырып, балаларға арналған жәрдемақыны алу үшін өтініш берген кезде өзіңізбен бірге аталған құжаттардың түпнұсқасы болу керек.

Өтініштен бөлек Сізге белгіленген үлгіде үш тегін мәліметтер бланкісі беріледі, оны толтырғаннан кейін тиісті құжаттарды қоса тіркеп өткізесіз.

Салыстырып тексеру үшiн құжаттардың түпнұсқалары мен көшiрмелерi ұсынылады, одан кейiн құжаттардың түпнұсқалары өтiнiш берушiге қайтарылады. Бұл ретте балаларға арналған жәрдемақыны алуға құқық тоқсан сайын отбасы мүшелерiнiң табысы туралы мәлiметтердi бере отырып расталады.

Назар аударыңыз! Балаларға арналған жәрдемақы өтiнiш берiлген айдан бастап жәрдемақы алуға құқығы туындағаннан кейiн ағымдағы тоқсанға тағайындалады.

Қажеттi барлық құжаттарымен, өтiнiш берген ай өтiнiш жасалған ай деп саналады.

Балаларға арналған жәрдемақы төлеу өткен ай үшiн ай сайын жүргiзiледi.

Әкесi немесе анасы (асырап алушылар) бiрiншi, екiншi топтағы мүгедектердiң, мүгедек балалардың, сексен жастан асқан адамдардың, үш жасқа дейiнгi баланың күтiмiмен айналысатын жағдайларды қоспағанда, баланың еңбекке жарамды ата-анасы (асырап алушылар) жұмыс iстемейтiн, күндiзгi оқу бөлiмiнде оқымайтын, армияда қызметiн өткермейтiн және жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретiнде тiркелмеген кезеңге балаларға арналған жәрдемақы тағайындалмайды.

Жәрдемақыны төлеуді тоқтату үшін:

1) баланың қайтыс болуы;

2) баланың толық мемлекет қарауына берілуі;

3) өтініш берушінің жәрдемақының  (жәрдемақылардың) заңсыз тағайындалуына әкеп соқтырған дәйексіз мәліметтер табыс етуі;

4) Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасында белгіленген жағдайларда ата-аналарды ата-ана құқықтарынан айыру немесе құқықтарын шектеу, бала асырап алуды жарамсыз деп тану немесе оның күшін жою, қорғаншыларды (қамқоршыларды) өз міндеттерін атқарудан босату немесе шеттету негіз болып табылады.

Мұны білген жөн (оқып шығыңыз):

1) «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 маусымдағы № 63 Заңы;

2) «Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру жөнiндегi кейбiр шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 қарашадағы № 1092 қаулысы.

Бөлісу

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

One response to “18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы алуға кімнің құқығы бар?

  1. Мен 18 жасқа дейінгі жәрдемақыны алуым үшін үйімдегі мал саны есептеледі ме осыны маған айтыныздаршы отініш содан шықпай отыр жәрдемақы 4 балам бар өзім жұмыс жасамаймын күйеміннін жалақысы 32000 бұл жетпейді

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *