Балаға жақсы күтушіні қалай табуға болады?

Кей кездері бір-екі сағатқа болса да үйден шығуға тура келеді, сондай кезде баланы кіммен қалдыру керек деген сұрақ туындайды. Әрине, балаңызды қалдыруда жақсы білетін туыстармен, достармен немесе таныстармен келісу оңайырақ, әрі сіз де баланың олармен қуана қалатынын жақсы білесіз. Егер жақын туыстар түрлі себептермен осы жағдайда сізге қол үшін бере алмайтын болса, ал таныстар мен сенімді адамдар да сол мезетте жаныңыздан табылмаса, сізге балаңыз үшін кәсіби бала бағатын күтуші таңдауға мүмкіндігіңіз бар екенін ұмытпаңыз.   

Бала бағушыны таңдау – бұл кейбіреулер үшін қиын, тіпті кейбір жағдайда, жеке қатынастарға мән беретін уайым әкелетін, ұзаққа созылатын процесс. Бала бағушы – бұл жай ғана қызметкер емес. Шындығында, ол жарық дүниедегі ең қымбат сәбиіңізді сеніп тапсыратын мүлде бөтен адам. Барлық мүмкіндіктерді қарастыра отырып, сіздің де, балаңыздың да көңілінен шыға алатын адамды іздестіріңіз.

Бала бағушыны:   

– газеттер мен қабырғаларға ілінген жарнамалар арқылы;

– таныстарыңыз бен туыстарыңыздың ұсыныстары арқылы;

– мамандандырылған агенттіктер көмегіне жүгіну арқылы табуға болады.

Сіздің болашақ бала бағушыңызбен әңгімелесу барысында мынадай нәрселерді сұрауға болады, мысалы:

– егер бала үйде немесе көшеде қатты құлап немесе жарақат алып қалған жағдайда, не істейсіз?

– баланың қалыпты, бірақ қиын жағдайларынан қандай жол тауып шығады (мысалы, бала тісін жуғысы, киімін кигісі келмесе және т.б. жағдайларда)?

– бала күтушісі баламен қандай жұмыстар жүргізеді?

– егер баланың ыстығы көтеріліп кеткен жағдайда, қандай қадамдар жасайды?

– баланы не үшін және қалай жазалау керектігін қалай түсінеді?

– егер пәтерде бейне камера орнатылған болса, ол жұмыс істеуге келісе ме?

Қандай да бір адамға тоқталғаннан кейін, балаңыз бен оның болашақ күтушісін кездестіріп көріңіз (осыған бола  баланың күн кестесіне ешқандай өзгеріс енгізудің қажеті жоқ).

Егер болашақ күтуші есіктен енбестен-ақ балаңызға өбектеп, құшақ жая ұмтылса, бұл анасы үшін қойылым көрсеткісі келген әртістің әрекеті деп бағалаңыз. Өз ісіне лайық бала күтушісі баланың өзіне үйренуін, оның жан-жағын бағамдауына мүмкіндік беріп, жағдайды асықтырмайды.

Болашақ бала бағушының сыртқы келбеті мен тазалығына да мән беріңіз. Егер оның өз-өзіне күтімі көрініп тұрса, онда сіздің балаңыз да, мұндай адаммен таза, ұқыпты жүреді. Адамның киім кию мәнері ол жайында көп мағлұмат береді. Алғашқы таныстықта алған әсеріңізге сеніммен қараңыз, алайда сізді бір нәрсе аяқ тартқызып немесе мазаласа, онда бұған жете мән беру қажет.

Көп сұрақ қоюдан қысылмаңыз. Тәжірибелі бала бағушы (отбасында жұмыс істеп көргендер) сізді түрлі сұрақтың астына алады. Әрине, оларды ең алдымен жұмыстың төлемі, жұмыс кестесі және үстеме жұмыстар жайы қызықтырады. Бала бағушының ақша жайындағы әңгімесіне назар аударуды да ұмытпаңыз. Әрине, адамның өз пайдасын ойлағаны дұрыс, алайда, бала бағушы – бұл жәй ғана қызметкер емес. Ол ең бірінші ақшаға емес, балаға көбірек маңыз беруі керек. Сіздің балаңыз жақсы күтуші үшін тамаша «индикатор» болуы мүмкін. Тәрбиешісімен алғашқы кездесуден-ақ, мазасызданып не болмаса жыламағаны жақсылықтың нышаны.  Тіпті, ол бөтен адамнан қорқып қалса да, оған өз-өзіне келетін уақыт беріңіз де оның келесі әрекеттерін бақылаңыз. Егер бәрі дұрыс жағдайда өрбісе, балаңыз күтушімен ойнағысы келгенін білдіретін болады. Себебі, бала өмірді ойын арқылы таниды. Ол үшін шынайы нәрсе осы ғана. Енді бала бағушының  баламен қалай ойнайтынын қарап көріңіз. Ата-ана ретінде балаға «жаңа досының» жанында болған ұнайтын, ұнамайтынын анықтаңыз. Бала көңілді ме, көңілсіз бе, ол бірнәрсеге мазасыздана ма, бәлкім, өзін өте еркін сезінетін болар. Күтушінің қандай сөздерді қолданатынына да назар аударған дұрыс. Оның сөйлегені көңіліңізден шыға ма, жоқ па, соны да салмақтап көріңіз.

Үлкен тәжірибе жақсы білімнен кем түспейтін жағдайлар жиі кездеседі. Тіпті кей жағдайларда оның басымдығы да білініп жатады. Баланы бағу шыдамдылық пен нақтылықты талап етеді. Сондықтан да, егер бала бағушының мұны білгеннен гөрі, іске асыра алғандығы әлдеқайда маңызды болар еді. Егер сізге емшектегі балаңыз үшін күтуші керек болса, онда медициналық білімі бар кандидаттарды таңдағаныңыз абзал.

Күтуші таңдаудағы ең маңызды нәрсенің бірі  денсаулық. Ең дұрысы сіз таңдаған күтуші 26-45 жас аралығында болғаны дұрыс. Өйткені дәл осы жастағылар тәжірибелі әрі ауру сырқаудан ада болатыны белгілі. Егер сіз осы жастағыларды назарға алсаңыз, онда ең алдымен бала бағушының денсаулығы жайлы анықтамасына басты назар аударыңыз. Тубдиспансер, психдиспансер, дерматолог, венеролог сынды дәрігерлердің анықтамасы міндетті түрде қажет болатынын естен шығармаңыз. Бұл туралы сұрауды қолайсыз көруден гөрі, егер осы анықтамалары болмаған жағдайда балаңызға қаншалықты зияны тиетіні жайлы ойланып көріңіз. Сондықтан да кез келген бала күтушісі мұндай талаптарға түсіністікпен қарайды.

Сіз өзіңізге лайық бала бағушыны тапқан болсаңыз, егер ол балаңызбен тамаша тіл табысып кетсе, тағы да біршама уақытты болашақ күтушімен әңгімелесуге бөлгеніңіз артық болмас. Оның төлқұжаттық мәліметтерін, үй және ұялы телефон нөмірлерін, мекен-жайын түгел жазып алыңыз. Өз сұхбаттасушыңызды қаншалықты түсінетініңізді білу үшін оны алаңдатататын мәселелер бойынша әңгіме айтыңыз. Әңгіме барысына отбасының басқа да мүшелері қатысқаны дұрыс болар еді.

Бұрынғы жұмыс орны туралы, не себепті жұмыстан кеткендігі, ұсыныстар бар-жоқтығын, отбасылық жағдайының қандай екенін, балалары-немерелері бар-жоғын да толығырақ біліңіз. Қазіргі кезде кіммен тұратынын да білген дұрыс. Бұл сізге сөйлесу барысында бір-біріңізді дұрыс түсінуге көмектеседі. Өзіңізге ұнаған бала бағушыны шақырып, бір-біріңізді жұмыс барысында танып-білу үшін бір апта жұмыс істеуді ұсынып көріңіз.

Бөлісу

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *