Аула клубын ұйымдастыру

Аула клубтарын аймақта тұратын балалар мен жасөспірімдердің бас қосатын, шығармашылық идеяларын жүзеге асыратын және бос уақыттарын тиімді өткізетін негізгі орынға айналып келеді. Қызығушылықтар бойынша клубтар балалар мен жасөспірімдерге арнап мәдени шаралар мен бос уақыттарын өткізуді ұйымдастыру  арқылы оларды даладағы зиянды нәрселерден аулақ ету үшін құрылады.  Аулалық клубты ашу – пайдалы бизнес-идеялардың бірі, өйткені оның басты мақсаты  жасөспірімдер мен жастардың бос уақытын өткізуді, шығармашылық қызығушылықтарын қолдауды, салауатты өмір салтын насихаттауды, жастарды ұлттық өнерге баулуды, мәдени шараларды өткізуді ұйымдастыру болып табылады. 

Ғимарат. Егер өзіңіздің жеке орын-жайыңыз болса, тіптен жақсы. Ал жоқ болса, онда жалға алуға тура келеді. Бұл бизнесті ұйымдастыру үшін шамамен 60 м2  көлемді орын қажет. Ең дұрысы – тұрғын үйден бір орын-жайды жалға алу, бұл балалардың келіп тұруына жеңіл болады. Оған қоса, ғимараттың көлемі мен балалардың санына байланысты үстелдер, орындықтар, ойыншықтар (доптар, секіргіштер және т.б) керек.

Технология. Балалар мен жасөспірімдер тұрып жатқан аймақтағы аулалық клуб жақсы жұмыс істесе, онда балалар үшін ол демалатын, достарымен бас қосатын тиімді орын болмақ. Өз бос уақытын дұрыс өткізу олардың тұлға ретінде қалыптасуы мен  шығармашылық және спорттық жағынан дамуына көп септігін тигізеді.

Клубтың басты бағыттары мынадай бола алады :

Дамыту бағыты – үйірмелер: «Шебер қолдар», вокал, сурет, шет тілдерін оқыту;

Шахмат, шашка, үстел теннисі мен футбол сынды спорт түрлерінен жарыс өткізу дәстүрлі бағыт болып табылады;

Аталған клубтағы істермен балалар шама-шарқынша айналысуы керек, яғни олардан аса бір білімділік, физикалық дайындық, эмоционалдық толқу мен шеберлілік талап етілмеуі тиіс. Өткізілетін іс-шаралардың балаларға қызық, нақты көрінетін нәтижесі бар, жаңалыққа толы болуы керек. Сонда ғана балалардың шығармашылық қабілеті артып, ішкі сұраныстары қанағаттандырылады.

Үйірмелерге келетін балалардың жасы 7 мен 18 аралығын қамтиды.

Қыста есік алдына мұзайдын, ал жазда спорттық ойындарға арналған стадион жасауға болады.

Қызметкерлер. Балалар мен жасөспірімдерді аулалық клубта дамыту мен оңалту сапасы олармен күнделікті жұмыс жасайтын тәрбиешілер пен педагогтардың дайындығына байланысты болады. Педагогикалық білімі бар 3-4 қызметкер алу керек.

Өткізу. Сіз жарнаманы қала бойынша сауда орталықтарына, балалар емханаларына іліп, визиткалар таратуыңызға болады. Сонымен қатар, жарнаманы жергілікті газет пен журналдарға да берген дұрыс. Жергілікті мектептерге барып, клубыңыз жайлы хабарлап айтуыңызға болады.

Болжамды есептеулер.

Шығыстар:

– Орын-жайды жалға алу, 60 м² х 1 000 теңге = 60 000 теңге.

– Балаларға арналған үстелдер мен орындықтар, 1 жиынтық = 10 000 теңге х 10 жиынтық = 100 000 теңге.

– Кеңсе тауарларын жаппай сатып алу – 30 000 теңге.

– Сананы дамытуға арналған ойындар мен ойыншықтар (шахмат, шашки, паззл және т.б) – 40 000 теңге.

– Қызметкерлердің жалақысы – 4 қызметкер х 40 000 теңге = 160 000 теңге.

Барлығы: 390 000 теңге.

Болашақта спорттық жабдықтар сатып алып, оларды жалға беріп тұруға болады  (коньки, шаңғы және т.б).

Табыс:

Орталықтың жұмыс тәртібі – 12.00-20.00 сағат, яғни күніне 8 сағат.

Сабақтар аптасына 3 рет 1-1,5 сағат өтеді, онда айына 12 рет. Үйірмелердің бір айға ақысы шамамен 5 000 – 6 000 теңге деп білгілеуге болады (аймаққа байланысты).

Айына клубқа 30-35 бала келсе, онда х 5 000 теңге = 150 000-175 000 теңге шығады.

Бөлісу

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *