2016 жылға айлық есептiк көрсеткiш пен жалақының ең төмен мөлшерi қандай?

2016 жылғы 1 қаңтардан бастап:
1) жалақының ең төмен мөлшерi – 22 859 теңге;
2) мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiнiң мөлшерi – 11 965 теңге;
3) зейнетақының ең төмен мөлшерi – 25 824 теңге;
4) айлық есептiк көрсеткiш – 2 121 теңге;
5) ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасы 22 859 теңге болып белгiлендi.

Бұл базалық мөлшерлер Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 30 қарашадағы “2016 – 2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы” Заңының 11-бабымен бекітілді.

2016 aek

Айлық есептiк көрсеткiш (АЕК) бюджетті жоспарлау барысында алдағы жылғы болжамды инфляцияның шамасына қарай есептеледі.

АЕК кәсіпкерлердің қызметі үшін өте маңызды. Өйткені айлық есептiк көрсеткiш:
– әкімшілік құқық бұзушылық істері бойынша төленетін айыппұл мөлшерін;
– кейбір салық түрлерін (мысалы, мүлік, жер, автокөлік салықтары);
– мемлекеттік баж, тіркеу алымдарын, лицензиялық алымдарды;
– заңды тұлғалардың жарғылық капиталының минималдық мөлшерін;
– жәрдемақыны және өзге де әлеуметтік төлемдерді;
– шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері мәртебесін анықтауды есептеу үшін қолданылады.

Author: Vitaly Zhirov